29.05.2024 | 19:48

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалда жұдырықтасады

Бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестіріліп жатқан Бангкоктағы әлемдік іріктеу кезеңінде 63,5 кг дейінгі салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы үшінші жекпе-жегінде италиялық спортшысы Джанлуиджи Малагадан басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Енді Ұлттық құрама өкілі шешуші айқаста Эрисланди Альвареспен (Куба) кездеседі. Бұл салмақта Олимпиаданың 5 жолдамасы сарапқа салынады.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес