04.12.2022 | invalid

Қазақстандықтар 4 құрлық чемпионатында тағы 3 жүлдеге қол жеткізді

Канаданың Квебек қаласында конькимен жүгіруден ІІІ рет өтіп жатқан 4 құрлық чемпионатының 2-жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды.

Әйелдер арасындағы 1500 метрге жарыста Надежда Морозова жеңімпаз атанды. Ұлттық құрама көшбасшысы бұл қашықтықты 1:56.378 секундта бағындырды. Ал Надеждадан бір секунд қалып кеткен тағы бір қазақстандық Екатерина Аидова күміс жүлдеге ие болды (1:57.528). Жүлдегерлер тізімін канадалық спортшы түйіндеді.

Ал ерлер арасында осы қашықтықта Дмитрий Морозов күміс медальге қол жеткізді (1:46.30). Қазақстандық топ жарған канадалық Антуан Желина-Больёден сәл қалып кетті. Қола тағы бір жарыс қожайыны Джейк Вайдеманның еншісінде кетті. Тағы бір Ұлттық құрама мүшесі Демьян Гаврилов 6-сатыда қалды.

Айта кетейік, мұнда Қазақстан, АҚШ, Жапония, Канада, Қытай мен Оңтүстік Кореяның үздік спортшылары сынға түсті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес