18.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Надежда Морозова Әлем Кубогының 4-кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының 4-кезеңі өтіп жатыр. Бүгін 2-жарыс күні қазақстандық Надежда Морозова 1500 метрге жарыста 3-ші нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама өкілі тек жапон Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке есе жіберді.
Тура бір апта бұрын дәл осы Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде Михи Такаги алтын, Надежда Морозова күміс, Антуанетта Рийпма-де Йонг қола жүлдеге қол жеткізген.
It's a third World Cup gold this season for Miho Takagi ???????? in the 1500m women, adding to her silver from the 500m yesterday. Antoinette Rijpma-de Jong ???????? is second with Nadezdha Morozova ???????? in third!
— ISU Speed Skating (@ISU_Speed) December 17, 2022
???? https://t.co/HZbUxeUaTL#SpeedSkating pic.twitter.com/08Om0wWkhw
Бүгін әйелдер арасындағы 1500 метрге жарыстан бөлек, ерлер ең қысқа (500 м) және ең ұзақ қашықтықта (10 км) үздіктерді анықтап жатыр. Сондай-ақ жарыс күнінің аяғында әйелдер арасында командалық спринт бар. Жарысты мына жерден тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Калгаридегі 4-кезеңнен кейін спортшылар үшін халықаралық жарыс аяқталады. Келесі 5-кезең 2023 жылғы 10-12 ақпан аралығында Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында мәресіне жетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: