19.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Надежда Морозова Херенвенде 4-орын алды
Бүгін Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының 2-кезеңі аяқталды. Санаулы сәттер бұрын әйелдер арасында 1500 метрге жарыста қазақстандық Надежда Морозова 4-нәтиже көрсетті. Оның уақыт көрсеткіші – 1:54.86.
Аталған қашықтықта жарыс қожайыны Антуанетта Рийпма-Де Йонг жеңіске жетті. Биыл Бейжің Олимпиадасында чемпион атанған жапониялық Михо Такаги күміс алса, қолаға тағы бір нидерландтық Марийке Гроенвуд қол жеткізді.
Жарыс жолына шыққан екінші қазақстандық Екатерина Аидова 14-сатыдан көрінді.
Қазір 2 кезең қорытындысы бойынша Надежда 1500 метрге жарыста 81 ұпаймен 6-орында келе жатыр. Көш басында Михи Такаги (114 ұпай) тұр.
Сондай-ақ 500 метрде ерлер арасында қазақстандық Евгений Кошкин 16-орын алды. Ал әйелдер арасындағы командалық спринтте Ұлттық құрама мәреге 6-шы болып келді. Нәтижесі – 1:28.72 секунд. Жарыстың алғашқы күні 1000 метрде Екатерина Аидова 12-ші, Надежда Морозов 15-ші нәтиже көрсеткен.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: