04.10.2023 | 17:15

Наталья Богданова Азиаданың қола жүлдегері атанды

Ұлттық құрама боксшысы (66 кг) Наталья Богданова Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осы салмақтағы ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы жартылай финалда таиландтық Джанджай Суваннапхенгтан ұтылып қалды.

Наталья Ханчжоуда барлығы 2 жекпе-жек өткізді. Алғашқы айқасында Сауд Арабиясының өкілі Рагад Ибрагим әл-Наимиді мерзімінен бұрын жеңсе, ширек финалда Цэцэгдари Мягмарсурэннан (Моңғолия) басым түсті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес