29.05.2024 | 19:11

Наталья Богдановаға жолдама бұйырмады

Таиланд астанасы Бангкокта бокстан Париж Олимпиадасының жолдамасы берілетін соңғы лицензиялық жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін 66 кг дейінгі салмақта Ұлттық құрама спортшысы Наталья Богданова бірінші айналымда биылғы Еуропа чемпионы, Ресейден Сербияға ауысқан Кристина Кулуховадан жеңіліп қалды.

Тартысты өткен жекпе-жек 2-3 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес