13.10.2024 | 19:44

ДЗЮДОШЫ НАЗГҮЛ МАРАТОВА АЛҒАШ РЕТ ҮЛКЕН ДУЛЫҒА ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕ ІЛІКТІ

Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтіп жатқан дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыстың шешуші күні қоржынға тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аса ауыр салмақтағы (+78 кг) отандасымыз Назгүл Маратова қола жүлдеге таласта қосымша уақытта (golden score) Анастасия Холодинадан (Бейтарап атлет) айласын асырды.

Осыған дейін +78 кг салмақта қола жүлдеге таласқан тағы бір отандасымыз Карина Такиева 3 ескерту алып, хорватиялық дзюдодан ұтылып қалған.

Осылайша, Қазақстан Абу-Дабидегі турнирді 3 қола медальмен аяқтады. Осыған дейін Дәурен Суюкенов (60 кг) пен Әбиба Абужақынова (48 кг) қола жүлдегер атанған. IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері рейтингте мынадай ұпайға ие болады: І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай. Жалпы бұл турнирге 29 мемлекеттен 219 татами шебері жиналды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес