31.05.2024 | 11:43

Назым Қызайбай 2-рет Оңтүстік Корея спортшысын үйіне қайтарды

Бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестіріліп жатқан Бангкоктағы әлемдік іріктеу трнирінде Назым Қызайбай Джухюнг Джунгты сенімді жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

50 кг дейінгі салмақтағы 1/16 кезеңдегі айқаста барлық төреші жеңісті қазақ спортшысына берді. Оңтүстік Корея өкілі бұған дейін Бусто-Арсициодағы бірінші әлемдік іріктеу кезеңінде Ұлттық құраманың басқа өкілі Алуа Балқыбековаға жол берген.

Енді Назым Ұлыбритания немесе Дания боксшысының қай жеңгенімен жұдырықтасады.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес