01.08.2024 | 18:46

НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ШИРЕК ФИНАЛДА БАҚ СЫНАЙДЫ

Тәжірибелі боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия)  айқын басымдықпен тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Төрешілер есебі: 5-0.

Енді ширек финалда Колумбия өкілімен кездеседі. Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы. Каролайн Барбоза - былтыр Панамерика ойындарының жеңімпазы.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес