19.07.2023 | 11:38
Бөлісу:
Никита Чирюкин əлем чемпионы атанды
Нысана көздеуден Ұлттық құрама спортшысы Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында жеңіске жетті. Отандасымыз кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден оқ атуда қарсылас шақ келтірген жоқ. Жеңімпаздың бапкері - Рашид Юнусметов.
Қытайлық Чжан Чжихао күміс жүлдеге ие болса, үздік үштікті жарыс қожайыны Сук Джин Хонг түйіндеді.
Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпы есепте 8-орынға көтерілді. Чханвондағы əлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл бəсекеге 45 елден 600-ден астам спортшы жиналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ