09.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Новак Джокович – Astana Open турнирінің жеңімпазы
Бүгін Новак Джокович ATP 500 санатына кіретін Astana Open турнирінің финалында Стефанос Циципасты сенімді жеңді. Бір сағат 15 минутқа созылған матчтың есебі 6:3, 6:4.
Осылайша, серб теннисшісі осы маусымдағы 4-ші, ал карьерасындағы ATP аясындағы 90-жүлдесіне қол жеткізді. Новак жыл басынан бері Римдегі Masters санатындағы доданы, Уимблдон мен апта бұрын Тель-Авивтегі (ATP 250) жарыста топ жарған. Бүгін ол Астандағы жеңісі үшін 500 ұпай мен 355,310 АҚШ долларына ие болды. Ал Стефанос ATP 500 бәсекелеріндегі барлық (9) финалда сәтсіздікке ұшырады.
Сондай-ақ Новак Джокович Туринде өтетін ATP-дің қорытынды турниріне бесінші болып жолдама алды. Бұған дейін испан Рафаэль Надаль мен Карлос Алькарас, норвег Каспер Рууд пен грек Стефанос Циципастың жылдың мәртебелі сынында ойнайтыны белгілі болған. Айта кетейік, Туринде өнер көрсететін барлық теннисші маусымды ТОП 20-да тәмамдайды деген сөз.
Айта кетейік, мәресіне жеткен ATP 500 санатындағы Astana Open турнирінің жалпы жүлде қоры 1.9 млн АҚШ доллар. Биыл Қазақстан алғаш рет ATP 500 турнирін қабылдады.
Новак Астанада алғашқы айналымда Кристиан Гариннен (Чили), сосын Ботик Ван де Зандсхулп (Нидерланды), Карен Хачанов пен жартылай финалда Даниил Медведевтен (екеуі де Ресей) басым түсті.
Ал Стефанос әуелі Михаил Кукушкин (Қазақстан), Лука Нарди (Италия), Хуберт Хуркачты (Польша), жартылай финалда Андрей Рублевті жеңді. Апта басындағы АТР рейтингінде Циципас 6-шы, Джокович 7-орында тұрған. Ертең екеуі де бестікке қайта оралмақ.
«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ