01.06.2023 | 14:25
Бөлісу:
Нұрбек Ғазез әлем чемпионы Лян Юшуайдан ұтылып қалды
Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан таеквондодан 26-шы әлем чемпионының 4-жарыс күні өтіп жатыр. Жарыс жолына Ұлттық құрама сапынан Нұрбек Ғазез (63 кг) бен Ракони Бимырза (+73 кг) шықты.
Нұрбек Ғазез бразилиялық Эдуардо Бареттаны ойсырата ұтып, бәсекені жақсы-ақ бастаған. Айқас кезінде қарсыласқа жойқын соққылар жасап, нокдаунға түсірді. Алайда 2-айналымында қазіргі әлем чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, қытайлық Лян Юшуайдан ұтылып қалды. Нұрбек пен Лян осыған дейін биыл Ломмель қаласында өткен Бельгия ашық чемпионатында кездескендн қытайлық басым түскен. Сондай-ақ Лян Юшуай былтыр құрлық чемпионатында тағы бір отандасымыз Әділет Базарбаевты ұтып, финалға шыққан.
Ал аса ауыр салмақтағы Ракони Бимырза 1-айналымда Еуропа чемпионы, Гран-при бәсекесінің 2 дүркін жеңімпазы, польшалық Александра Ковальчукке қауқар таныта алған жоқ. Есеп: 0-2.
Ертең даянға шықатын таеквондошылар арасында қазақстандықтардан Рита Бакишева (46 кг) мен Жавохирхон Исламов (54 кг) бар.
Жалпы биылғы додаға 145 елден мыңға тарта таеквондошы жиналды. Айта кетейік, Бакуде өтіп жатқаны таеквондодан XXVI әлем чемпионаты. Биылғы дода Халықаралық таеквондо федерацясының 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Алдағы аптада мұнда Париж Олимпиадасына қажет ұпайлар сарапқа салынады. Бұл спортта рейтингі ең жоғары бәсеке – Олимпия ойындары (G20). Одан кейін әлем чемпионаты (G14), Гран-придің финалы (G10) мен Гран-при санатындағы жарыстар (G6) тұр. Әлем чемпионы 140 балл алса, күміс жүлде үшін 84, қолаға 50 ұпай беріледі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: АРМАН ШЫЛМАНОВ
ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА 2 КҮН ҚАЛДЫ