31.03.2023 | 20:44

Нұрқанат Серікбаев Үлкен Дулыға бәсекесінде 2 рет жүлдеге қол жеткізді

Нұрқанат Серікбаев (60 кг дейін) Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан дзюдодан Үлкен Дулыға турнирінің қола жүлдегері атанды. Отандасымыз шешуші белдесуде моңғолиялық Энхтайвани Ариунболдты 1 минуттың ішінде таза ұтты.

Нұрқанат Серікбаев іріктеуді В тобында бастап моңғолиялық Цогт-Очир Бьямбаджавты, оңтүстік кореялық Вон Джин Кимді, сосын әзірбайжандық Назир Талибовты ұтып, топтан шықты. Ал жартылай финалда украиналық Дильшот Халматовқа есе жіберді.

Бұл Нұрқанат Серікбаевтың Grand Slam жарыстарындағы екінші жүлдесі. Ол осыған дейін Ташкентте өткен әлемдік додада күміс жүлдегер атанған.

Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Шерзод Давлатов 7-орын алды. Айта кетейік, Үлкен Дулыға турнирінде қола медаль алған дзюдошы рейтингте 500 балға ие болады. Бұл ұпайлар Париж Олимпиадасына іріктеуде есепке алынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес