06.04.2022 | invalid

Олимпиада-2024-ке

Бүгін елордада  Халықаралық спорт күніне орай ҚРМәдениет және спорт министрлігі, Спортты дамыту дирекциясы , Франция Елшілігі сондай-ақ 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындары комитетінің ұйымдастыруымен  «Әлем төңірегіндегі эстафета» іс-шарасы өтті.

Эстафетаға  Франция елшісі Дидье Канесс, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев және еліміздің танымал спортшылары қатысты.

Аталмыш іс – шарада  жүзден астам №17 Шарль де Голль-Мирас француз мектебініңжәне өзге де білім ордаларының оқушылары бақтарын сынады .

"Әлем төңірегіндегі эстафета" 24 сағат бойы жалғасады. 24 сағаттық жер белдеуін қамтып, әлемнің 41 елін кесіп өтеді. Фиджи аралында жүгіру басталып, одан әрі Жапония, Камбоджа, Қазақстан, Үндістан, Камерун, Бразилия, АҚШ және басқа да елдер арқылы өтті. Француз Полинезиясы Таитиде аяқталады.

«Бүгінгі іс-шара жоғарғы деңгейде өтті. Бұл Париж Олимпиадасына жасалған алғашқы қадамдардың бірі. Бәріміз ойындардың жоғары деңгейде өтетініне сенеміз, сондықтан оларға арналған акцияларды тиісті деңгейде өткізуге тырысамыз. Мен өз тарапымнан барша қатысушыларға алғысымды білдіремін және қазақстандық спортшыларға 2024 жылғы Олимпиадада сәтілік тілеймін!», - деді Дидье Канес өзінің құттықтау сөзінде.

Айта кетейік, 1900 жылы  және 1924 жылдары өткен олимпиада ойындарынан кейін Париж қаласында 2024 жылы 26-шілде мен 11-тамыз аралығында үшінші рет  жазғы олимпиада ойындары өтетін болады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес