09.07.2024 | 21:12

ОЛИМПИАДА ЛИЦЕНЗИЯСЫН АЛҒАН АТЛЕТТЕР САНЫ 80 БОЛДЫ

Келе жатқан Париж Олимпиадасында еліміздің 80 спортшысы 25 бағдарламада сынға түседі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ал барлық лицензия саны 92-ге жетті. Бұл қатарда спорттық гимнастика шебері Милад Каримидің бір өзінде 7 жолдама. Ол көпсайыста 7 жаттығуда бақ сынайды. Яғни, оның әр сында жүлде алатын мүмкіндігі бар.

Қазақстан жолдама алған спортшылар жағынан жалпы кестеде 39-орында тұр. Парижге ең көп спортшы АҚШ құрамасы сапында барады (592 адам). Одан кейін жарыс қожайыны Франция (587 спортшы). Үшінші орынға Аустралия жайғасты (468).

Ең көп спортшы қосатын 50 елдің тізімі:

1. АҚШ – 592 спортшы

2. Франция – 587

3. Аустралия – 468

4. Германия – 427

5. Жапония – 411

6. Қытай – 398

7. Испания – 382

8. Италия – 366

9. Ұлыбритания – 327

10. Канада – 318

11. Бразилия – 277

12. Нидерланд – 258

13. Польша – 211

14. Жаңа Зеландия – 196

15. Мажарстан – 175

16. Бельгия – 164

17. Мысыр – 153

18. Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) – 149

19. Оңтүстік Корея – 144

20. Украина – 138

21. Аргентина – 136

22. Ирландия – 132

23. Швейцария – 127

24. Дания – 125

25. Швеция – 117

26. Үндістан – 113

26. Чехия – 113

28. Сербия – 112

29. Норвегия – 107

29. Румыния – 107

29. Мексика – 107

32. Түркия – 102

33. Грекия – 101

34. Словения – 90

35. Колумбия – 89

36. Израиль – 88

37. Нигерия – 87

38. Өзбекстан – 86

39. ҚАЗАҚСТАН – 80

40. Аустрия – 76

41. Хорватия – 73

41. Португалия – 73

43. Кения – 72

44. Куба – 63

45. Марокко – 59

46. Ямайка – 58

47. Қытайдың Тайпейі – 57

48. Финляндия – 56

49. Доминикан Республикасы – 54

50. Пуэрто-Рико – 52.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес