13.08.2023 | 19:50
Бөлісу:
Орталық мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасындағы Спартакиадада Қаржы министрлігі топ жарды
Бүгін Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында орталық мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасындағы республикалық Спартакиада аяқталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Үш күнге созылған бәсекеде ҚР Қаржы министрлігінің командасы жеңіске жетті (118 ұпай). Жалпы есептегі күміс медаль ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (114,5 ұпай) бұйырса, қоланы ҚР Сот әкімшілігі қызметкерлері (100 ұпай) еншіледі.
Айта кетейік, биылғы жарысқа құрамында 1000-ға жуық мемлекеттік қызметшісі бар 24 команда қатысты. Олар футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, бильярд сияқты спорт түрлерінен өзара күш сынасты. Жекелеген спорт түрлері бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер келесідей:
Футзал
1. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (28,5 ұпай)
2. Қаржы министрлігі (27 ұпай)
3. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (25,5 ұпай)
Волейбол
1. Ұлттық экономика министрлігі (28,5 ұпай)
2. ҚР Сот әкімшілігі (27 ұпай)
3. Қаржылық мониторинг агенттігі (25,5 ұпай)
Үстел теннисі
1. Қаржы министрлігі (19 ұпай)
2. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (18 ұпай)
3. Сауда және интеграция министрлігі (17 ұпай)
Қазақ күресі
1. Қаржы министрлігі (19 ұпай)
2. Қаржылық мониторинг агенттігі (18 ұпай)
3. Әділет министрлігі (17 ұпай)
Тоғызқұмалақ
1. ҚР Парламенті (19 ұпай)
2. Мәдениет және спорт министрлігі (18 ұпай)
3. Энергетика министрлігі (17 ұпай)
Бильярд
1. Ұлттық экономика министрлігі (19 ұпай)
2. Президенті іс басқармасы (18 ұпай)
3. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (17 ұпай)
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ