29.07.2024 | 15:05

ПАРИЖ-2024: КСЕНИЯ ИГНАТОВА МӘРЕГЕ 2-ШІ ЖЕТТІ

Париж Олимпиадасында әйелдер арасында 100 метрге шалқалай жүзуде жартылай финалға шыққандар анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Ксения Игнатова өз тобында мәреге екінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші - 1:02.51 секунд. Алайда жалпы есепте 26-орыннан көрініп, жартылай финалға шыға алмады.

Жарысты 16 үздік жүзгіш жалғастырады.

Сурет: Владислав Семенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес