21.05.2023 | 17:29
Бөлісу:
Петропавлда əйелдер боксынан VI жазғы Спартакиада аяқталды
Петропавл қаласында өткен əйелдер арасындағы бокстан VI жазғы Қазақстан Спартакиадасының барлық жеңімпазы анықталды. Төрт жылда бір рет өтетін жарыстың мақсаты - Мәдениет және спорт министрлігінің даму жоспарын іске асыру, бұқаралық жəне кəсіби спортты дамыту. Ең бастысы, дәл осы қалада Олимпиадаға қажет ұпайлар сарапқа салынатын Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар анықталды.
Жалпы жүлде жолында 19 өңірден келген 90-нан астам спортшы сынға түсті. Бұл қатарда Үндістандағы əлем чемпионатының жүлдегерлері мен Ұлттық құраманың өзге де көшбасшылары бар. Барлық жеңімпаз мынадай:
48 кг: Алуа Балқыбекова (Алматы қ)
50 кг: Назым Қызайбай (Алматы қ)
52 кг: Жазира Орақбаева (Алматы қ)
54 кг: Жайна Шекербекова (Шымкент қ)
57 кг: Карина Ибрагимова (Ақмола обл)
60 кг: Римма Волосенко (Астана қ)
63,5 кг: Аида Əбікеева (Астана қ)
66 кг: Наталья Богданова (Петропавл қ)
70 кг: Мадина Нұршаева (Шымкент қ)
75 кг: Валентина Хальзова (Астана қ)
81 кг: Гүлсая Ержан (Қызылорда обл)
+81 кг: Лəззат Күнгейбаева (Астана қ)
Жалпы есепте Астана қаласының командасы 5 алтын, 1 қола медальмен 1-орын алды. Ал 2-орынға 8 жүлдеге (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) ие болған Алматы қаласы жайғасты. Үздік үштікті Шымкент қаласының боксшылары түйіндеді (2 алтын, 1 қола). Спартакиаданың үздік боксшысы Карина Ибрагимова (57 кг) атанды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ