09.10.2024 | 21:26

МАРИУС ВИЗЕР НЕ СЕБЕПТІ ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВҚА АРНАЙЫ JIGORO KANO МҮСІНШЕСІН ТАРТУ ЕТТІ?

Бүгін Халықаралық дзюдо федерациясы ресми сайтында Қазақстанда 2027 жылғы дзюдодан әлем чемпионатын өткізуге қатысты материал жарық көрді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Онда IJF президенті Мариус Визердің Будапеште IJF-тің штаб-пәтерінде ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдағаны, тараптардың 2027 жылғы әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуге келіскені айтылған. Осыдан кейін Мариус Визер Ербол Мырзабосыновқа Қазақстанның дзюдо спортын дамытуға үлес қосуға деген талпысы үшін шектеулі тиражбен шыққан Дзигоро Кано мүсіншесін тарту етті.

Материалды мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Халықаралық дзюдо федерациясы ресми сайтында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туралы мақала жарияланған. Оны мына жерден оқи аласыздар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес