27.05.2024 | 15:31
Бөлісу:
Эверест шыңын бағындырған Жәмилі Баширова елге оралды
Бүгін әлемдегі ең биік шың саналатын Эвересті бағындырған 44 жастағы Жәмилә Башированы Астана қаласының әуежайында Спортты дамыту дирекциясының өкілдері, туыстары, жақындары салтанатты түрде күтіп алды.
Отандасымызға атақты шыңға шығу оңай болмады. Оның бірінші әрекеті ауа райына байланысты сәтсіз аяқталса да, Непалда 1 аптадан астам уақыт күтіп, екінші мүмкіндігінде бағындыра алды.
Жәмилә Баширова – Эверест шыңына жеткен екінші қазақ әйелі. Бұған дейін биыл 12 мамырда Анар Бурашева 5 күнде осы шыңға шыққан.
Жәмилә өз мансабында Эвересттен бөлек, Еуропаның ең биік нүктесі Эльбрусқа (5 642 метр), Оңтүстік Американың ең биік нүктесі – Аконкагуаға (6 962 метр), Ленин шыңына (7 134 метр) т.б шықты.
Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: