31.07.2023 | 12:28

Poland Open: палуандар 5 медаль жеңіп алды

Польша астанасы Варшава қаласында күрестен XXVII Poland Open халықаралық жарысы өтіп жатыр. Қазақстан әйелдер құрамасы өз өнерін аяқтап, бәсекеде 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Финалға шыққан Ирина Казюлина (65 кг) украиналық Юлия Лесковецке, ал Анастасия Панассович (72 кг) франциялық Кендра Огюстен Джоселин Дачерге жол берді.

Сондай-ақ Айнұр Әшімова (55 кг), Диана Каюмова мен Гүлдана Бекеш (59 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді. Жалпыкомандалық есепте Польша құрамасы бірінші болса, Қазақстан мен Канада үздік үштікті түйіндеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес