29.01.2024 | 08:24

WKF каратэден маусым Париж Премьер-лигасымен басталды. Қазақстанда 3 жүлде бар

26-28 қаңтар аралығында Франция астанасы Парижде WKF каратэден 1-Премьер-лигасының алғашқы жарыс өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазіргі Олимипиада қозғалысының негізін салушы Пьер де Кубертен атындағы залда 61 мемлекеттен жиналған 376 татами шебері күш сынасты. Бұл қатарда ең көп құрам Италияда (34 адам). Одан кейін Жапония (25) мен Түркия (23) тұр.

Париждегі турнирге былтырғы 12 әлем чемпионының сегізі қатысты. Бұл қатарда қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) да бар. Осы салмақтағы Ұлттық құрама көшбасшысы бұл додада қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Қазақстан сапынан Гүлмира Үсенова (55 кг) мен Абылай Төлтай (+84 кг) үздік үштікті түйіндеді. Осы ретте назарыңызға Франциядағы сынға барған Ұлттық құрама каратэшілерінің әлем рейтингіндегі орнына шолуды ұсынамыз:

Әйелдер:

2-орын. Софья Берульцева (+68 келі)

3-орын. Мөлдір Жаңбырбай (50 келі)

3-орын. Әсел Қанай (61 келі)

3-орын. Лаура Әліқұл (68 келі)

7-орын. Гүлмира Үсенова (55 келі)

Ерлер:

2-орын. Дидар Әмірәлі (67 келі)

3-орын. Қайсар Алпысбай (60 келі)

6-орын. Нұрқанат Әжіқанов (75 келі)

7-орын. Абылай Төлтай (+84 келі)

13-орын. Данияр Юлдашев (84 келі)

Премьер-лиганың келесі кезеңі енді Антальяда (Түркия) 15-17 наурыз аралығында өтеді. Одан кейінгісі Каир (Мысыр) мен Касабланкада (Марокко).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес