24.02.2023 | 19:22
Бөлісу:
Ұлттық құрама спортшылары арнайы білім беру жобасына қатысты
Бүгін II «Азия балалары» қысқы ойындарына келген Қазақстан құрамасының өкілдері, атап айтқанда, конькимен жүгірушілер «Олимпке бастар жол» атты арнайы білім беру жобасына қатысты.
«Азия балалары» халықаралық комитеті ұйымдастыратын бағдарлама олимпия ойындарының тарихымен таныстырып, допингсіз, таза бәсекеге негізделген спортты насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар бұл әр елдегі жас спортшылардың танысуына жол ашады.
Жоба 4 кезеңге бөлінеді. Алғашқысында допингке қарсы орталық мамандары дәріс оқыды. Осыдан кейін жас спортшылар арнайы тест тапсырды.
Сосын, атлеттерге спорт психологтары дәріс оқып, түрлі ойын өткізді. Ал соңғы блокта жергілікті тәжірибелі спортшының бірімен кездесу болады. Осыдан соң барлық спортшыға сыйлықтар табысталды.
Бүгінгі іс-шараға Қазақстанмен қатар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Орал федералды округінің спортшылары қатысты. Айта кетейік, Кузбастағы «Азия балалары» ойындарын 25 ақпан мен 5 наурыз аралығында 10 спорттан өтеді. Қазақстандықтар соның алтауында сынға түседі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ