03.10.2023 | 19:17

Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының финалында

Ұлттық құрама боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақ былғары қолғап шебері санаулы сәттер бұрын Нарендерді (Үндістан) айқын басымдықпен жеңді. Мұны төрешілер де растады (5-0). Осылайша, Қамшыбек аса ауыр салмақта Қазақстанға Париж Олимпиадасының жолдамасын алып берді.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының 2 дүркін күміс медалисі Ханчжоудағы алғашқы айқасында Данис Латыповтан басым түскен.

Қамшыбек Қоңқабаев ақтық сында өзбекстандық Баходир Джалоловпен жұдырықтасады. Токио Олимпиадасының жеңімпазы бағана Қытай боксшысы Данабек Байқонысты мерзімінен бұрын ұтты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес