30.07.2024 | 01:16
Бөлісу:
ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВ ОЛИМПИАДАДА СҮРІНДІ
Қамшыбек Қоңқабаев испан боксшысы Айюб Гадфа Дриссиден жеңіліп, Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аса ауыр салмақтағы боксшымыз төрешілердің 2-3 есебімен жол берді. Енді Айюб пен Давид Чалоян (Армения) жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, Қамшыбек – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының 2 дүркін және Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Айюб Дрисси – болса былтыр әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған, Еуропа жеңімпазы (2024).
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ