03.10.2023 | 10:04
Бөлісу:
Қазақстан әйелдер құрамасы мәреге төртінші болып жетті
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында байдаркамен ескек есуден Қазақстан әйелдер құрамасы жүлдеге бір табан жетпей тоқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ольга Шмелева, Стелла Суханова, Дарья Петрова мен Татьяна Токарницкая квартеті 500 метрге жарыста Қытай (алтын), Оңтүстік Корея (күміс) және Өзбекстан (қола) құрамаларынан кейін мәреге жетті. Ұлттық құраманың уақыт көрсеткіші 1:43.994 секунд. Чемпионнан 4.034 секунд қалып кетті.
Айта кетейік, осыған дейінгі, яғни Джакартада өткен сары құрлық Олимпиадасында осы бағдарламада еліміздің әйелдер құрамасы Қытайдан кейін мәреге жетіп, күміс жүлде жеңіп алған. Ол кезде ел намысын Инна Клинова, Ирина Подойникова, Зоя Ананченко, Виктория Копьева қорғаған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМАРИЯ БРОВКОВА ӨЗБЕКСТАНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
МАРИЯ БРОВКОВА ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
МАРИЯ БРОВКОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ