01.04.2024 | 19:18
Бөлісу:
Қазақстан әйелдер құрамасының бапкері ауысты
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бапкері тағайындалды. Бұл қызметке Елдос Сайдалин келді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
2021 жылдан бері бүгінге дейін әйелдер құрамасын Шамиль Сафиуллин баптаған.
Сайдалин – әйелдер боксында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан маман. Атап айтар болсақ, 2020 жылы еліміздің жастар құрамасының тізгінін ұстаған. 2022 жылғы әлем чемпионатына ол бастап барған арулар құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болған.
Қазір жаңа бапкер мен Ұлттық құраманың мақсаты - мамыр мен маусым айында Таиландта өтетін лицензиялық турнирде сәтті өнер көрсету. Бүгінде әйелдер құрамасының еншісінде Азия ойындарында Ибрагимова (57 кг) жеңіп алған бір жолдама бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: АИДА ӘБІКЕЕВА КЕЛЕСІ АЙНАЛЫМҒА ШЫҚТЫ
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: БЕЙБАРЫС ЖЕКСЕН ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ