08.08.2024 | 02:58

ҚАЗАҚСТАН БОКСТАН ОЛИМПИАДА МЕДАЛІНІҢ САНЫН 26-ҒА ЖЕТКІЗДІ

Бүгін егемен ел ретінде Қазақстан делегациясының қоржынына Олимпиада ойындарында бокстан 26-медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Париждегі ойындарға дейін еншімізде 7 алтын, 7 күміс пен 10 қола болған. Франция астанасында біздің Нұрбек Оралбай (80 кг) күміс, Назым Қызайбай (50 кг) қолаға қол жеткізді. Жүлдегерлер тізімі мынадай:

Чемпиондар – Василий Жиров (Атланта), Бекзат Саттарханов (Сидней), Ермахан Ыбрайымов (Сидней), Бақтияр Артаев (Афины), Бақыт Сәрсекбаев (Бейжің), Серік Сәпиев (Лондон), Данияр Елеусінов (Рио-де-Жанейро);

Күміс жүлдегерлер – Болат Жұмаділов (Атланта мен Сидней), Мұхтархан Ділдәбеков (Сидней), Геннадий Головкин (Афины), Әділбек Ниязымбетов (Лондон мен Рио-де-Жанейро), Василий Левит (Рио-де-Жанейро), Айбек Оралбай (Париж);

Қола жүлдегерлер – Болат Ниязымбетов (Атланта), Ермахан Ыбрайымов (Атланта), Серік Елеуов (Афины), Еркебұлан Шынәлиев (Бейжің), Иван Дычко (Лондон мен Рио-де-Жанейро), Марина Вольнова (Лондон), Дариға Шәкімова (Рио-де-Жанейро), Қамшыбек Қоңқабаев (Токио), Сәкен Бибосынов (Токио), Назым Қызайбай (Париж); 

Бокс – Олимпиадада елімізге ең көп алтын, жалпы ең көп жүлде алып келген спорт түрі.

Фото: Тұрар Қазанғапов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес