19.05.2024 | 18:58
Бөлісу:
Қазақстан командасы Франциядағы Әлем Кубогында қола жүлде жеңіп алды
Бүгін Францияның Сен-Мор қаласында аяқталған семсерлесуден Әлем Кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы 3-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қола медаль үшін айқаста біздің команда Израильден басым түсті. Есеп: 45-29.
Команда сапында Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай квартеті сынға түсті. Бұдан бөлек, жекелей сында ел намысын Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр Федотов сынды жас спортшыларымыз қорғады.
Айта кетейік, бұл кезеңге барлығы 31 мемлекеттен 309 семсерлесу шебері қатысты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: