13.04.2023 | 16:25

Қазақстан – Польша: Жеребе нәтижесі белгілі болды

Бүгін Астанада Билли Джин Кинг Кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Польша құрамасы арасындағы ойын басталады.

Командалық әлем чемпионаты аталып кеткен бәсекенің алғашқы ойынында әлем рейтингінде 45-орында тұрған Юлия Путинцева мен әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетт бастайды. Матч 14 сәуірде Астана уақытымен сағат 13:30-да кортқа шығады.

Содан кейін еліміздің бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыдағы Вероника Фальковскаға кезек келеді.

Ертең Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сындаға Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесуі жоспарланған. Сенбі күнгі ойындар да 13:30-да басталады.

Бұл ойынға әлемнің 1-ракеткасы Ига Швёнтек келе алмады. Ига биыл Дохадағы турнир кезінде алған жарақатын Индиан-Уэллсте асқындырып алуына байланысты бірқатар ірі бәсекеге қатыса алмайтынын жеткізді.

Бір-бірімен кездесетін қалған құрамалар: Испания-Мексика, Украина-Чехия, Ұлыбритания-Франция, Канада-Бельгия, АҚШ-Аустрия, Словакия-Италия, Германия-Бразилия, Словения-Румыния.

Айта кетейік, жеңімпаз әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Қазір онда былтырғы жеңімпаз Швейцария мен финалист Аустралия қарсыласын күтіп тұр. Ал жеңілген құрамалар биыл қарашада плей-офф сатысында бақ сынайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес