06.09.2023 | 14:41
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 5-орын алды
Бүгін волейболдан еліміздің әйелдер құрамасы Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан ХХІІ Азия чемпионатында үздік бестікті түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші матчта Ришат Гилязутдинов баптайтын волейболшыларымыз Оңтүстік Кореяны сенімді жеңді. Есеп: 26-24, 25-23, 25-23. Ең көп ұпайды команда капитаны Сана Анарқұлова жинады. Тәжірибелі спортшының еншісінде 20 балл бар (17 нәтижелі шабуыл, 2 блок-шот, 1 эйс).
Оңтүстік Корея осыған дейінгі (2017 бен 2019 ж) 2 Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған.
Биылғы чемпионатқа барлығы құрлықтағы 14 ел өз құрамасын жіберді. Осыған дейін 2019 жылы өткен додада Жапония волейболшылары топ жарған. Олар кеше күтпеген жерден Таиландқа жол беріп (3-2), атағын қорғап қала алмайтын болды. Біраздан кейін Қытай мен Таиланд финалда, ал Жапония мен Вьетнам қола жүлдені сарапқа салады. Медаль алған 3 құрамаға Азия атынан 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жолдама беріледі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 4-ОРЫН АЛДЫ
«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
Challenge Cup: Қазақстан күміс жүлдеге ие болды