19.10.2022 | invalid

Қазақстан құрамасы – маунтинбайктан Азия чемпионы

Маутинбайктан Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Сунчхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында эстафетада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды kazsports.kz.

Құрлық бәсекесінің алғашқы күні өткен сында Темірлан Мұхамедияров, Денис Сергиенко, Алина Сарқұлова, Алексей Фефелов пен Егор Карасевтан құралған Қазақстан командасы кросс-кантриден (1:27:30) Жапония (1:29:37) мен Малайзияның (1:33:40) алдын орап кетті.

Айта кетейік, бүгін басталған Азия чемпионаты 23 қазанға дейін созылады. Бұл додаға аттанған Ұлттық құрама велоспортшылары: Темірлан Мұхамедияров, Алина Сарқұлова, Татьяна Генелева, Денис Сергиенко, Егор Карасев, Алтынбек Аханов – 23 жасқа дейінгі санатта; Никита Галкин, Константин Шинкарук, Константин Казаков, Алексей Фефелов, Виолетта Казакова мен Алина Спирина  – жасөспірімдер;

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес