22.01.2023 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы қола жүлдеге таласады
Бүгін АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында хоккейден жүлде жолында кездесетін құрамалар белгілі болды.
Қазақстан құрамасы жартылай финалда Канададан 1-4 есебімен жеңіліп қалды. Есепті 10-минутта канадалық Джонатан Янтис ашты. Екінші кезеңнің 24-минутында қазақстандық Данил Бутенко таразы басын теңестірді. Одан кейін қарсылас сапынан Ноа Кинг 11-ші, Брэтт Дэвис 13-ші, Джонатан Янтис 37-минутта мергендік танытты.
Енді қазақстандық студенттер қола медаль үшін Жапониямен ойнайды. Тағы бір жартылай финалда АҚШ студенттері Жапонияны 4-3 есебімен жеңді.
Топтық кезеңде ел құрамасы Оңтүстік Кореяны 5-1, Венгрияны 9-1, Ұлыбританияны 15-1, Словакияны 4-0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1-4 есебімен есе жіберген.
Жалпы шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы студенттер Олимпиадасына тоғыз мәрте қатысқан. Сонау 1995 жылы Испанияның Хака қаласында чемпион ретінде тұғырға көтерілсе, 1993, 2013, 2015, 2017 жылы күміс, 2007 жылы қола медаль жеңіп алған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықХОККЕЙ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ