24.05.2024 | 12:08

Қазақстан Вьетнам құрамасынан жеңіліп қалды

Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан волейболдан Challenge Cup турнирінде тартысты өткен ойында Вьетнамға жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

В тобындағы бұл матч 1-3 есебімен аяқталды: 14-25, 19-25, 25-14, 23-25.

Біздің команда алғашқы турда Сингапурды сенімді ұтқан (3-0). Айта кетейік, В тобында Қазақстанмен бірге Индонезия, Вьетнам, Сингапур, Қытайдың Гонконг командасы бар. Ал А себетінде Филиппин, Қытайдың Тайпейі, Үндістан, Иран мен Аустралия өзара үздіктерді анықтап жатыр.

Біздің команданың алдағы ойын кестесі мынадай:

25 мамыр, Индонезия – Қазақстан

26 мамыр, Гонконг – Қазақстан

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері – Ришат Гилязутдинов. Команданың әлі турнирдің жүлдесіне таласатын мүмкіндігі бар. Ол үшін топтағы қалған ойындарда жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алуы керек.

Бәсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Суреттер: Азия волейбол қауымдастығы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес