27.07.2023 | 09:24
Бөлісу:
Қазақстан жазғы Азия ойындарында қалай өнер көрсеткен?
Алғашқы жазғы Азия ойындары 1951 жылы Үндістанның Дели қаласында өтіп, оған 11 елдің спортшылары қатысқан. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қатысқан алғашқы жазғы құрлық Олимпиадасы 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласындағы ойындар. Содан бергі 7 Азиададағы Ұлттық құраманың нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз.
1994 жылы Хиросима (Жапония) – 335 спортшы, 77 медаль (25 алтын, 26 күміс, 26 қола). Жалпы есепте 4-орын;
1998 жылы Бангкок (Таиланд) – 379 спортшы, 78 медаль (24 алтын, 24 күміс, 30 қола). Жалпы есепте 5-орын;
2002 жылы Пусан (Оңтүстік Корея) – 427 спортшы, 76 медаль (20 алтын, 26 күміс, 30 қола). Жалпы есепте 4-орын;
2006 жылы Доха (Қатар) – 428 спортшы, 85 медаль (23 алтын, 20 күміс, 42 қола). Жалпы есепте 4-орын;
2010 жылы Гуанчжоу (Қытай) – 476 спортшы, 79 медаль (18 алтын, 23 күміс, 38 қола). Жалпы есепте 5-орын;
2014 жылы Инчхон (Оңтүстік Корея) – 439 спортшы, 84 медаль (28 алтын, 23 күміс, 33 қола). Жалпы есепте 4-орын;
2018 жылы Джакарта мен Паленбанг (Индонезия) – 419 спортшы, 76 медаль (15 алтын, 17 күміс, 44 қола). Жалпы есепте 9-орын;
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: