20.07.2024 | 22:16

ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

20 шілдеде еліміздің шахмат сүйер қауымы Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған жалпыұлттық KazChessFest фестиваліне қатысып, Халықаралық шахмат федерациясына (FIDE) Гиннестің рекордтар кітабына енуіне көмектесті.

1966 жылдан бастап жыл сайын 20 шілдеде ФИДЕ Gens una sumus (лат. «Біз бір отбасымыз») ұранымен өтетін Халықаралық шахмат күні атап өтіледі. Бұл күні бүкіл әлемде тақырыптық іс-шаралардың, жарыстардың және бір мезгілде ойын сеанстарының барлық түрлері өтеді.

Биыл ФИДЕ өзінің 100 жылдығын тойлап жатқанда, ұйым 24 сағат ішінде ойналған шахмат ойындарының ең көп саны бойынша Гиннестің рекордтар кітабына бұрын-соңды болмаған мақсат қойды. Қала көшелерінен цифрлық ареналарға, сыныптардан үлкен залдарға дейін бүкіл әлем шахмат тақтасына айналды.

«Қазіргі әлемде шахмат – қарым-қатынас пен дипломатияның маңызды құралы, елдер мен континенттер арасындағы көпір, ол жынысына, жасына, ұлтына және дініне қарамастан біріктіретін тіл. Шахмат спортты, ғылымды, мәдениет пен өнерді біріктіреді. Біздің шахматшыларымыздың жеңістерінің арқасында Қазақстанды әлемнің шахмат державасы мен зияткерлік орталықтарының бірі деп санауға болады. Бұл күні шахмат жанкүйерлері мен кәсіби ойыншыларды мерекелерімен, Халықаралық шахмат федерациясындағы әріптестерімді ФИДЕ-нің 100 жылдығымен құттықтаймын. Сіздің орасан зор жұмысыңыздың арқасында жер шарындағы миллиондаған адамдар саналы әрі интеллектуалдық тұрғыдан нығая түсуде», - деп Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов шахмат қауымын мерекемен құттықтады.

FIDE100 Guinness World Records Attempt шарасына қазақстандық шахмат жанкүйерлері де қатысты. Қазақстан шахмат федерациясы мен қала әкімдіктерінің қолдауымен барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда бір уақытта екі мыңнан астам адам шахмат үстелдеріне жайғасты – Қазақстанның түкпір-түкпірінде блиц-турнирлер өткізіліп, қатысушылар осы тарихи оқиғаға өз үлестерін қосты.

Фестивальдің негізгі турнирі Алматыда өтіп, оған 500-ден астам қатысушы жиналды. «3+2» блицінде әртүрлі жастағы шахмат әуесқойлары (ең жас қатысушы 6 жаста, ең үлкені 87 жаста) бақ сынады. Швейцариялық жүйе бойынша 9 турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар сәйкесінше 500 000 теңге, 300 000 және 200 000 алды. Сонымен қатар, әйелдер, ардагерлер, ұлдар мен қыздар арасында түрлі жас санаттары бойынша үздіктер мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Турнирдің жалпы кепілдік қоры 2 миллион тенге құрады.

ФИДЕ негізі қаланған Парижде 20 шілдеде мерейтойға арналған негізгі ресми мереке және Олимпиада алауын жағу рәсімі өтеді. Франция астанасында 1000-нан астам қазақстандық қатысқан Гиннестің рекордтар кітабына кіруге арналған турнирлерге қатысушылармен бейнеролик көрсетіледі. Әйтсе де, бастысы басқа: қазақстандық шахмат сүйер қауым ұлттың интеллектуалдық өзегі екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес