06.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстандық боксшылар Кёльндегі турнирден олжалы оралды
Бүгін Германияның Кёльн қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир аяқталды. Әлем Кубогы деген атау алып, биыл 4-мәрте ұйымдастырылған бәсекеде Қазақстан құрамасы сапындағы Талғат Сырымбетов (60 кг) пен Наталья Богданова (66 кг) чемпион атанды.
Ал Армат Арманұлы (71 кг), Сания Сұлтанқызы (57 кг), Назым Ишанова финалда қарсыласының мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.
Ал К.Мұратұлы (51 кг), Диас Молжігітов (75 кг), И.Аширов (75 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг), Нұрлан Сапарбай (+ 92 кг); әйелдерден Анель Сақыш (54), Надежда Рябец (66 кг) пен Анастасия Баязитова қола жүлдеге қол жеткізді.
Дүбірлі додада әйелдер арасында үздік боксшы атағына Наталья Богданова ие болды.
Айта кетейік, мұнда бір апта бойы Аустрия, Аустралия, Бельгия, Германия, Куба, Моңғолия, Франция, Қазақстан, Украина, Дания мен Микронезияның былғары қолғап шеберлері (90 еркек, 37 әйел) күш сынасты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ