07.02.2023 | 11:38

Қазақстандық таеквондошылар Fujairah Open-де 4 медаль жеңіп алды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан халықаралық Fujairah Open турнирі өтіп жатыр. Қазақстандықтар алғашқы жарыс күні төрт қола медаль еншіледі.

Ұлттық құрама сапындағы Самирхон Абабакиров (58 кг), Шамсат Дүйсенов (63 кг), Нұрлан Мырзабаев (80 кг), Бейбарыс Қабылан (+87 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді. Бұл турнир 8 ақпанға дейін жалғасады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес