25.02.2023 | 20:56
Бөлісу:
Қазақстандықтар джиу-джитсудан Азия чемпионатында 8 медаль жеңіп алды
Таиланд астанасы Бангкокта джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасындағы VII Азия чемпионаты басталды.
Джиу-джитсудың файтинг-систем бөлімі бойынша өткен жарыста отандастарымыз 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль иеленді. Қазақстанның намысын 11 спортшы қорғап жатыр.
Самат Сәрсенұлы (56 кг), Әбу-Бәкір Жәнібек (62 кг), Руслан Кенжеғара (69 кг) Азия чемпионы атанды.
Күміс жүлдегерлер: Жеңіс Нұрлыбаев (56 кг), Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (69 кг), Жандос Нұрмұханбетов (85 кг).
Қола медальді Бекзат Баймұратов (77 кг), Левинс (94 кг) жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы әзірге жалпы командалық есепте 2-орында тұр. Азия чемпионаты 28 ақпанда аяқталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚАЗАҚСТАН ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2-ОРЫН АЛДЫ
Галина Дуванова финалға жолдама алды