27.11.2023 | 20:14
Бөлісу:
Қазақстанның 10 теннисшісі әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді
Қазір 10 қазақ теннисшісі әлемдік теннис рейтингінде алғашқы 100 спортшының қатарында тұр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Атап айтар болсақ, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Александр Бублик, Александр Недовесов, Андрей Голубев, Әмір Омарханов, Асылжан Арыстанбеков, Ева Корыншева мен Томирис Нұржан өз санатындағы есепті алғанда алғашқы 100 ойыншының арасына қосылды.
Мәселен, WTA рейтингінде Рыбакина 6365 ұпаймен төртінші орнын сақтап қалды. Ал Путинцева жылды 69-сатыда аяқтайтын болса, жұптық сында Анна Данилина 56-орында.
Ерлер арасында АТР рейтингінде Бублик әлемнің 32-ракеткасы болса, жұптық сында Недовесов 44-ші, Голубев 61-орынға жайғасты.
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингінде үздік жүздікке екі теннисші енді. Омарханов 57-ші, Арыстанбекова 66-сатыға орналасты.
Сондай-ақ 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингінде Корышева 50-ші, Нұржан 91-ракетка саналады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ