04.05.2022 | 17:21

«Қолжетімді спорт» жобасының II маусымының ашылу салтанаты өтті

Астана триатлон паркінде «Қолжетімді спорт» жобасының II маусымының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, әлемнің төрт дүркін рекордшысы Сергей Цырульников қатысты. 

"Бүгінгі жобамыз дені сау ұлт қалыптастыру үшін жақсы демеу болсын.  Біздің мақсатымыз-спортты тек әдетке айналдыру ғана емес, хобби немесе әуестену ғана емес, қазақстандықтардың өмір салтына айналдыру. Ол үшін біз барлық жағдайды жасаймыз. Іс-шараның барлық қатысушыларына сәттілік, жеке жетістіктер мен жеңістер тілеймін!",- деді Дәурен Абаев. 

Сондай-ақ, мерекелік концерт аясында фристайлшылар, DJ Fara, WorldClassGreen фитнес-орталығының нұсқаушылары, бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының тәрбиеленушілері және "Azimuth" СК жас спортшылары өнер көрсетті. 

Айта кету керек, сәуір айынан бастап "Қолжетімді спорт" жобасы Қазақстанның 7 қаласында басталды. Осы маусымда ол 5 спорт түрін ұсынады: каратэ, скандинавиялық серуендеу, жүгіру, фитнес және үстел теннисі.  Жоба туралы толық ақпарат алу үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @dostupnyi_sportkz парақшасына кіруге болады.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес