12.04.2023 | 17:52

Қылыштасудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

Алматыда семсерлесуден өтіп жатқан ҚР VI Жазғы Спартакиадасының үшінші жарыс күні аяқталды. Бүгін қылышпен семсерлесуден жекелей сынның бәсекелері өтті. 10 аймақтың спортшылары өнер көрсеткен сайыста ерлер мен әйелдер арасында Алматы қаласының спортшылары топ жарды.

Ерлер:

1 орын – Жанат Набиев (Алматы)

2 орын – Артем Саркисян (Қарағанды облысы)

3 орын – Бексұлтан Абжал (Алматы)

3 орын – Назарбай Саттархан (Астана)

Әйелдер:

1 орын – Карина Доспай (Алматы)

2 орын – Анастасия Гулик (Қарағанды облысы)

3 орын – Татьяна Приходько (Шымкент)

3  орын – Қайша Жаныбек (Алматы)

Ертең қылыштасудан командалық сайыс өтеді. Ал 14-15 сәуірде семсерлесуден жекелей-командалық бәсекелер жоспарланған. Спартакиада қорытындысы бойынша семсерлесудің 3 түрі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес