15.06.2023 | 16:34

Рамис Дінмұхамедов – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Бүгін Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында отандасымыз Рамис Дінмұхамедов мәре сызығын 2-болып кесті. Ол із кесу жарысында 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионатының жеңімпазы жапониялық Эйя Хасимотоға ғана есе жіберді. Қола жүлдені гонконгтық Лян Чунь Вин иеленді.

Бұл құрлық додасында Ұлттық құрама қоржынына түскен 2-медаль.

Айта кетейік, биылғы сары құрлық додасына 30 елдің үздіктері жиналды. Оның ішінде қазақстандықтар саны – 14. Тура 2018 жылы Нилайдағы осы ұлттық велодромда құрлық чемпионаты өтіп, оған 22 мемлекет өз спортшысын жіберген. Малайзиядағы жарыста Париж Олимпиадасы жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлар үлестіріледі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес