02.10.2024 | 16:36

РЕГБИДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМДІК СЕРИЯ ЖОЛДАМАСЫНА ТАЛАСАДЫ

Регби 7-ден Қазақстан ерлер құрамасы 4-5 қазан аралығында Непал астанасы Катмандуда өтетін Asia Rugby Emirates Sevens Trophy іріктеу турниріне аттанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осы жолы сары құрлықтағы 16 елден келген спортшылар келесі жылғы турнир мен әлемдік серияға (HSBC Sevens) берілер жолдама үшін таласқа түседі. Қазақстан бір топта Катар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Шри-Ланка командаларымен ойнайды. Ал плей-офф кезеңі 5 қазанда өтеді.

Қазақстан құрамасының сапындағы ойыншылар:

Ханәлі Мұстафаев, Александр Белашов, Дэни Рашидия, Алексей Лукманов, Оңласын Тұрсынбек, Магомедрасул Магомедов, Александр Лымарь, Роман Щербаков, Арманжан Василов, Джалиль Мурадов, Никита Иванов, Никита Ситов.

Бас бапкер: Ильдар Әбдіразақов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес