20.09.2024 | 11:09

ASIA RUGBY SEVENS SERIES: РЕГБИШІЛЕР 2-ТУРДЫ БЕТКЕ АЛДЫ

21-22 қыркүйек аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласы регби 7-ден Азия сериясының 2-турын қабылдайды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Еліміздің атынан тек әйелдер командасы сынға түседі. Құрамы мынадай: Балжан Қойшыбаева, Галина Красавина, Вероника Степанюга, Ева Беккер, Диана Абишева, Анжелика Пичугина, Екатерина Савина, Әмина Төлегенова, Анна Мельникова, Татьяна Кручинкина, Алёна Дробовская,  Мария Гришина.

Нұрлан Балбарақов – жаттықтырушы.

Біздің регбишілер қыркүйектің басында Оңтүстік Кореяда өткен алғашқы турда 5-орын алған. Ал шешулі 3-тур Бангкок (Таиланд) қаласында өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес