26.04.2024 | 17:22
Бөлісу:
Ұлттық құрама шешуші лицензиялық турнирге аттанды
27-28 сәуір аралығында семсерлесуден Біріккен Араб Әмірлігінде Париж Олимпиадасының соңғы 6️ ицензиясы сарапқа салынатын Азия және тынық мұхиты аймағының іріктеу жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ел намысын қорғайтын спортшылар:
Қылыштасу: Артём Саркисян мен Айгерім Сарыбай
Сапы: София Николайчук пен София Актаева
Семсерлесу: Ғалым Нұрымов
Әр бағдарламада 1-орын алған спортшы ғана лицензия иеленеді. Барлығы 2 күнге жалғасатын бәсекеде 32 мемлекеттен 100-ден астам спортшы жолдамаға таласады.
Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: