30.05.2024 | 12:41
Бөлісу:
Ресми: Екатерина Шабалина Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері атанды
Бүгін триатлоннан Ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Халықаралық федерация Азия құрлығында қалған жалғыз квотаға Екатерина Шабалинаның ие болғанын ресми растады. Қазақстандық атлет бұл мүмкіндікке New Flag санатында қол жеткізді. Мұнда әлем рейтингінде 180-орынға дейін кіретін спортшылардың жинаған ұпайлары бөлек есептеліп, түзіледі. Екатерина Гонконг өкілі Бэйли Браунды артта қалдырды.
Ерлер арасында осы санатта Аян Бейсенбаевта мүмкіндік болған. Алайда ол шешуші рейтингте Гонконг спортшысы Лонгтан 31,84 ұпай қалып кетті.
Қазір Қазақстан делегациясында 52 спортшы қол жеткізген 55 жолдама бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: