19.03.2023 | 02:15

Рита Бакишева мен Руслан Жапаров Бельгиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Бүгін Бельгияның Ломмел қаласында таеквондодан Belgian Open G2 халықаралық турнирі аяқталды. Бұл бәсекеде Ұлттық құрама 2 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды. Отандастарымыздан Рита Бакишева (46 кг) мен Руслан Жапаров (+87 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмеді. Ал Нұрбек Газез (63 кг), Мақсат Орынбасар (68 кг), Айдана Құмартаева (46 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Енді Қазақстан ерлер құрамасы Париж қаласында Франция құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал әйелдер құрамасының 8 өкілі 20-27 наурыз аралығында Нюрнберг қаласына Германия құрамасымен бірге шеберлігін шыңдайды. Бұл жиыннан кейін Қазақстан құрамасы 1-4 сәуір аралығында Аустрияның Инсбург қаласы қабылдайтын халықаралық турнирде бақ сынамақ.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес