12.04.2024 | 00:43

Ривекка Жұмағұлова гольфтен АҚШ-та турнир жеңімпазы атанды

АҚШ-тың Ұлттық студенттік атлетикалық қауымдастық чемпионаты аясында Аризона штатында гольфтен Bobcat Desert Classic турнирі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аталмыш жарыста қазақстандық гольф шебері Ривекка Жұмағұлова қатысып, алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Осылайша, отандасымыз -12 (66-67-71) қорытынды ұпаймен чемпион атанды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес