11.04.2024 | 11:32
Бөлісу:
Ризабек Айтмұхан, Санжар Мұхтар мен Мейіржан Аширов Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкекте күрестен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Алғашқы жарыс күні бозкілемге еркін күрес өкілдері шықты. Бүгін олар 57 кг, 65 кг, 70 кг, 79 кг, 97 кг дейінгі салмақта үздіктерді анықтайды.
Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 кг) алғашқы белдесуінде қырғыз палуаны Андрей Ароновты жеңді (6-0). Мейіржан Аширов (70 кг) Түркменстан спортшысы Перман Хоммадовтан айласын асырды. Ал Санжар Мұхтар (65 кг) алғашқы айналымда Палестина палуанын мерзімінен бұрын ұтты. Мейрамбек Қартбай (57 кг) ширек финалда өзбекстандық Нодирбек Жұманазаровтың жолын кесіп, жартылай финалға жолдама алды.
Өкінішке қарай, 79 кг дейінгі салмақтағы биылғы ел чемпионы Азамат Өміржанов алғашқы айналымда Биамбадорж Енхбаярдан (Моңғолия) жеңіліп қалды.
Сурет: Халықаралық күрес федерациясынан.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАРИХИ СӘТ! НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ
ТАРИХИ СӘТ! РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ